Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысы (жүктеу)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қарашада № 7306 тіркелді
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
1. Осы бұйрықтағы
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтағы
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
С. Мусинов
№ |
Аурулар |
Халық санаты |
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) |
Дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны) |
1. Жергілікті бюджеттің есебінен диагностика және емдеу |
||||
1 |
Жаңа туған нәрестелер кезеңіндегі аурулар |
2 айға дейінгі жаңа туған нәрестелер |
Профилактика және емдеу* |
Ана мен бала дәрі қобдишасы |
2 |
Медициналық айғақтары бойынша ерте жасанды немесе аралас қоректендіру |
1 жасқа дейінгі балалар |
**, *** |
Емшек сүтін бейімделген ауысты |
3 |
Жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит |
|
орта ауырлық дәрежесі кезінде |
Амоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған; Парацетамол, суппозиторилер; Ибупрофен, суспензия; Амоксициллин + клавуландық қышқыл, таблетка, ауызға қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ; |
4 |
Мешел |
1 жасқа дейінгі балалар |
Күзгі-қысқы кезеңдегі профилактика, емдеу |
Эргокальциферол, ауыз арқылы қолданылатын ерітінді, ішуге арналған майлы ерітінді; Колекальциферол, сулы ерітінді; |
5 |
Темір тапшылығы анемиясы |
|
II, III сатыдағы темір тапшылығы анемиясының верификацияланған диагнозы (сарысу темірі 10мкмоль/л-ден төмен) |
Темір сульфаты, аскорбин қышқылымен бір компонентті немесе аралас, таблетка, капсула, драже; Фоли қышқылы, таблетка; |
Темір сульфаты препараттары, сироптар, ерітінділер, ішуге арналған тамшылар (тек 12 жасқа дейінгі балаларға); |
||||
6 |
Аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастар |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Варфарин, таблетка; Ацетилсалицил қышқыл, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка; |
Клопидогрельді қолдану тиімсіз болған кезде |
Тикагрелор, таблетка; |
|||
7 |
Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар — базалық терапия; |
Стенокардия ауыр, варианттық стенокардия, инфаркттан кейінгі кардиосклероз |
Базалық терапия: Метопролол, таблетка, соның ішінде баяу бөлінетін, созылмалы әсердегі, ретард; Бисопролол, таблетка; Изосорбид динитраты, қысқа және ұзақ әсерлі |
қосымша терапия — әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
таблетка, спрей, ұнтақ; Ацетилсалицил қышқылы, таблетка; Қосымша терапия: Амлодипин, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Изосорбида мононитрат, таблетка, ретард капсулалары, ұзақ әсерлі капсула; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка; |
|||
8 |
Артериялық гипертензия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар — базалық терапия; қосымша терапия —әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
II-III-IV дәреже; созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия (аралас препаратарды тағайындау кезінде монопрепарттарды тағайындауға рұқсат етілмейді) |
Базалық терапия: Эналаприл, таблетка Амлодипин, таблетка; Индапамид, таблетка, капсула; Кандесартан, таблетка; Қосымша терапия: Бисопролол, таблетка; Моксонидин, таблетка; Валсартан + Амлодипин, таблетка; Телмисартан + Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл + Нитрендипин, таблетка; Лизиноприл + Амлодипин, таблетка; Фозиноприл, таблетка (қосалқы жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі ар пациенттер үшін); Периндоприл, таблетка; Нифедипин, таблетка, оның ішінде баяу және бақыланатын босатумен; Периндоприл + Индапамид, таблетка, оның ішінде пленкалық қабықпен қапталған; |
9 |
Созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі (СЖЖ) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар — базалық терапия; қосымша терапия — әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Базалық терапия: Небиволол, таблетка; Бисопролол, таблетка Фозиноприл, таблетка; Спиронолактон, таблетка, капсула; Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Қосымша терапия: Кандесартан, таблетка; Рамиприл, таблетка, капсула; Дигоксин, таблетка; Фуросемид, таблетка; Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл, таблетка; |
10 |
Аритмия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Пароксизмалдық қарыншаүстілік тахикардия, суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолия, фибрилляция мен жүрекалды трепетанияның пароксизмалдық және созылмалы нысандары, ырғақтың қарыншалық бұзылуы |
Амиодарон, таблетка; Пропафенон, таблетка; Варфарин, таблетка; Бисопролол, таблетка; Метопролол, таблетка, оның ішінде ақырын босатылу ұзартылған, ретард; Верапамила таблетка, капсула ұзартылған іс-әрекет; Дигоксин, таблетка; |
11 |
Пневмония |
18 жасқа дейінгі балалар |
Ауырлықтың жеңіл және орташа дәрежесі |
Амоксициллин, таблетка, капсула, дисперсияланған таблетка; ауызға қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ пен түйіршіктер; Азитромицин, таблетка, капсула, ішуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ; Амоксициллин + Сульбактам, таблетка, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ; Амоксициллин + Клавулан қышқылы, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ; |
12 |
Бронхдемікпесі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; Фенотерол, аэрозоль; Флутиказон, аэрозоль, назалдық спрей; Беклометазон, дозаланған белсенді демалумен ингаляциялауға арналған аэрозоль, интраназальды қолдануға арналған мөлшерленген спрей; Будесонид, ұнтақ, ингаляцияға арналған суспензия; Будесонид+Формотерол фумарат дигидрат, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказон пропионат, аэрозоль, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Циклезонид, ингаляцияға арналған мөлшерленген аэрозоль Преднизолон, таблетка; Фенотерола гидробромид + Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; |
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен |
Монтелукаст натрия, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер; |
|||
13 |
Созылмалы обструктивті өкпе ауруы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Асқыну мен күшею сатысында |
Фенотерол гидробромид + Ипратропия гидробромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; Тиотропия бромид, ингаляцияға арналған ұнтағы бар капсула; Рофлумиласт, таблетка; Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ; Будесонид + Формотерола фумарата дигидрат, ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказона пропионат, ингалятор-дискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ; |
14 |
Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы |
әлеуметтік қорғалмаған топтарға ****** |
Асқыну кезеңінде |
Омепразол, капсула; Висмута трикалия дицитрат, таблетка; Амоксициллин, таблетка, капсула, ауызға арналған суспензия; Фуразолидон, таблетка; Кларитромицин, таблетка; |
15 |
Крон ауруы және тән емес колит |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Месалазин, таблетка, суппозитории; Преднизолон, таблетка; Метотрексат таблетка; |
16 |
Миастения |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде |
Пиридостигмин бромиді, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Неостигмин, инъекция үшін ерітінді, таблетка; |
17 |
Эпилепсия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде |
Вальпроев қышқылы, соның ішінде таблетка, пролангированғы, капсула, түйір, сироп, ішуге арналған тамышалар; Карбамазепин, соның ішінде таблетка, ұзақ мерзімді; Бензобарбитал, таблетка; Ламотриджин, таблетка, оның ішінде шайналатын дисперленген таблетка; Топирамат, капсула, таблетка; |
18 |
Психикалық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезінде |
Диазепам, инъекция үшін ерітінді, таблетка; Оланзапин таблетка; Рисперидон, бұлшықетке салу үшін ерітінді (суспензия) дайындауға арналған ұнтақ, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Галоперидол, таблетка; майлы инъекция үшін ерітінді; Хлорпромазин, инъекция үшін ерітінді, драже, таблетка; Левомепромазин, таблетка; Амитриптилин, таблетка, инъекция үшін ерітінді, драже; Трифлуоперазин, таблетка; Клозапин, таблетка; Тригексифенидил, таблетка; Флуфеназин, инъекция үшін ерітінді; Милнаципрана, капсула; Венлафаксин, капсула, соның ішінде ұзақ әсерлі, таблетка, соның ішінде ұзақ әсерлі; Палиперидон, ұзақ әсерлі таблетка; Дулоксетин, капсула; Амисульприд, таблетка, оның ішінде қабықпен жабылған; |
19 |
Балалар церебралды сал ауруы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Спастикалық нысан кезінде |
Баклофен, таблетка; Тольперизон, таблетка; |
Гиперкинетикалық нысандар |
Тригексифенидил, таблетка; |
|||
Эпилептинысандық естен танулар мен сәйкес «Эпилепсия» диагнозы болған жағдайда |
Топирамат, капсула, таблетка; Вальпроев қышқылы, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, түйірдер, сироп, ішуге арналған тамшылар. |
|||
20 |
Паркинсон ауруы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Тригексифенидил, таблетка; Леводопа + Карбидопа, таблетка; |
21 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Глибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; Гликлазид, таблетка, оның ішінде модификацияланған босатумен; Глимепирид, таблетка; Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Репаглинид, таблетка; Пиоглитазон, таблетка; Акарбоза, таблетка; Метформин/Глибенкламид таблетка; Глюкагон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Метформин/Глимепирид таблетка; Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ертінді; |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Таңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер |
|||
22 |
Қантсыз диабет |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Десмопрессин, ауыз арқылы қабылданатын лиофилизат; |
23 |
Онкология |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Қатерлі ісіктердің барлық сатысы |
Капецитабин, таблетка; Темозоломид, капсула; Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Тамоксифен, таблетка; Фулвестрант, бұлшық ет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Гозерелин, шприц-аппликатордағы тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі депо-капсула (имплантат); Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Летрозол, таблетка; Анастрозол, таблетка; Бикалутамид, таблетка; Торемифен, таблетка; Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат; Клодрон қышқылы, капсула, таблетка; Интерферон альфа 2а, 2 b, шприц-сықпада; Тегафур, капсула; Филграстим, шприц-сықпа; БЦЖ вакцинасы, порошок для приготовления суспензий для интравизикального введения в комплекте с растворителем; Тиогуанин****, таблетка; Меркаптопурин, таблетка; Лейпрорелин, инъекция үшін суспензия/ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ/инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; |
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия |
Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; Тримепиридина гидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді; Трамадол, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді; Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе; Кетопрофен, капсула, таблетка, суппозитории, инъекцияға арналған ерітінді; Диазепам, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Біркомпонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш қорғаныш пастасымен жинақта; |
|||
24 |
Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі*****; |
Циклоспорин, капсула; ерітінді****; Микофенол қышқылы/Микофенолат мофетил капсула, таблетка; Преднизолон, таблетка; Метилпреднизолон, таблетка, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ; Такролимус, капсула, оның ішінде ұзақ әсерлі; Валганцикловир, таблетка; |
25 |
Күшейген гломерулярлық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Гломерулонефриттің морфологиялық верификацияланған нұсқасы |
Циклоспорин, капсула; Преднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил, капсула, таблетка; Циклофосфамид, драже, сауыттағы инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ; |
26 |
Ревматоидтық артрит |
Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Метотрексат, инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; Голимумаб, инъекцияға арналған ертінді |
27 |
Ювенильдық артрит |
Диспансерлік есепте тұрған балалар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Метотрексат, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; |
28 |
Жүйелі қызыл жегі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Метилпреднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил капсула, таблетка; |
29 |
Остеоартроз |
әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ****** |
Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы |
Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (қатаң түрде емшара кабинетінде); |
30 |
Гипофизарлық нанизм, Шерешевский-Тернер синдромы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз |
Соматропин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ, инъекция үшін ерітінді; |
31 |
Орталық генездің ерте жыныстық дамуы (мерзімінен бұрын, жылдамдатылған) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз |
Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған суспензия үшін лиофилизат; |
32 |
Гипотиреоз, гипопаратиреоз, тиреотоксикоз |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз |
Левотироксин, таблетка; Дигидротахистерол, қабылдауға арналған ерітінді; Тиамазол, таблетка; |
33 |
Гормондық белсенді гипофиз ісіктері |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Осы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагноз |
Бромокриптин, таблетка; Каберголин, таблетка; |
34 |
Акромегалия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
ядролық магниттік резонанстық томографияда расталған, жоғары өсу гормонымен, верификацияланған диагноз |
Бромокриптин, таблетка; Каберголин таблетка; Октреотид, инъекция үшін ерітінді, инъекция үшін суспензиялар дайындауға арналған микросфералар; Ланреотид, дайындау үшін лиофилизат, ұзақ босатылатын инъекция үшін ерітінді; |
35 |
Гепато—церебралдық дистрофия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауыр ағымы |
Пеницилламин****, таблетка; |
36 |
Фенилкетонурия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Барлық нысандары, өмірлік терапия |
Комида мед ФКУ — А формула+LCP (11,8 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ — (31,1 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С — 45 (45 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-3 (69 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С — 75 (75 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-0 (13 г ақуыз 100 гр-да); ФКУ-1 (20 г ақуыз 100 гр-да); РАМ-1 и РАМ-2 (75 г ақуыз 100 гр-да); Изифен (16,8 гр. ақуыз 1 қаптамада); емдік ақуызы төмен өнімдер және құрамында фенилаланин аз өнімдер; |
2. Республикалық бюджет қаражатының есебінен |
||||
1. |
Гемофилия |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Химиотерапия схемасына сәйкес ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Октоког альфа (рекомбинанттық антигемофилдік фактор), к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және құрамында альбумин бар гистидинсіз енгізуге арналған жиынтық; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және альбумин мен полиэтиленгликолсыз енгізуге арналған жиынтық; IX фактор концентрат, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат ұнтақ; Эптаког альфа (активирленген) рекомбинанттық коагуляциялық VII а фактор; Көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақтың антиингибиторлық антикоагулянттық кешені; VIII ұюдың адами факторы / Виллебранд адами факторы; |
2. |
АИТВ-инфекция/ЖИТС |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Антиретровирустық терапия схмеасына сәйкес, оның ішінде жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды профилактикалау үшін барлық дәреже мен сатысы |
Зидовудин+Ламивудин, таблетка, пленкалық қабықпен жабылған; Ламивудин, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Невирапин, таблетка, ауыз арқылы суспензия; Эфавиренз таблетка; Лопиновир+Ритонавир капсула, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Ставудин, капсула; Абакавир, таблетка, қабықпен жабылған; Зидовудин, капсула, мөлшерлеген қондырғысымен сауыттағы ішуге арналған ерітінді; Тенофовир таблетка, қабықпен жабылған; Эмтрицитабин тенофовира, пленкалық қабықпен жабылған таблетка; Диданозин, таблетка; |
3 |
Қант диабеті |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесі |
Инсулин аспарт, картридждердегі ерітінді; Екі фазалы инсулин аспарт, орта әсерлі құрамдас (қысқа және орта ұзақтықтағы әсерлі инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия; Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді; Инсулин глулизин, картридждердегі ерітінді; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, сауыттардағы суспензия; Гендік-инженерлік екі фазалы адам инсулині, картридждердегі суспензия; Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, картридждердегі суспензия; Инсулин лизпро, картридждердегі ерітінді; Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (қысқа және орташа ұзақтықтағы әсерімен инсулин ұқсастарының қоспасы), картридждердегі суспезия; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, сауыттардағы ерітінді; Гендік-инженерлік еритін адам инсулині, картридждердегі ерітінді; Шприц-қаламға инелер; Кетондық денелер үшін тест-жолақтар; Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар; Микроальбуминурияны анықтау үшін тест жолақтар; |
1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар |
Жиынтығында шығыс материалдары бар инсулинді помпа; |
|||
4 |
Туберкулез |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Емдеудің қолдау сатысы |
DOTS-терапия схемасы бойынша препараттар |
5 |
В және С вирусты гепатиті |
Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
ХГВ — репликация сатысы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме ХГС — халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы |
Пегинтерферон — альфа 2b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ; Пегинтерферон — альфа 2а, шприц — сықпадағы инъекция үшін ерітінді; Пегинтерферон альфа 2b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ; Рибавирин, капсула, таблетка; |
Диспансерлік есепте тұрған балалар |
ХГВ — репликация сатысы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме ХГС — халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы |
Интерферон — альфа 2 b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ;/ шприц — сықпа/шприц-қалам; Пегинтерферон — альфа 2 b, сауыттағы инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ/шприц-қаламдағы; Рибавирин капсула, таблетка, ішуге арналған ерітінді; |
||
6 |
Кистозды фиброз (Муковисцидоз) |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі |
Дорназа альфа****, ингаляция үшін ерітінді; Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула; Тиамфеникола глицинат ацетилцистеинат, инъекция және ингаляция үшін ұнтақ; |
7 |
Мукополисахаридоз |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
|
Ларонидаза****, концентрат инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған |
Мукополисахаридоз |
Идурсульфаза****, инъекция үшін ерітінді; |
|||
Мукополисахаридоз |
Галсульфаза****, инъекция үшін ерітінді; |
|||
8 |
Гоше ауруы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
1 және |
Имиглуцераза****, инфузия үшін ерітінді; |
9 |
Реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
III-IV-V сатысы, күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық диализ алатын 18 жастан жоғары пациенттерді қоспағанда |
Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Эпоэтин бета, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Темір сульфаты, капсула, таблетка; Парентералды қолданатын темір препараттары; |
10 |
Ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Жіті кезеңдегі Гийене-Барре синдромы, аурулар дебютіндегі мультифокалдық моторлық полинейропатия, адамның алғашқы туабіткен иммунды жетіспеушілігі, миастенияның генерализацияланған түрі, миастениялық криз, созылмалы қабынулы демиелинизирленген полинейропатия |
G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді; |
11 |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Интерферон альфа 2b, лиофнемесезирленген ұнтақ шприц — сықпа; Флударабин фосфат, таблетка; Клодрон қышқылы, таблетка, капсула; Иматиниб, таблетка, капсула; Нилотиниб, капсула; Гидроксикарбамид, капсула; Метотрексат, таблетка; Циклоспорин, капсула; Имиглюцераза****, инъекция үшін ерітінді; |
|
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған балалар |
Барлық сатысы мен ауырлық дәрежелері |
Винбластин, лиофилденген ұнтақ; Метотрексат, таблеткалар; Филграстим, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Цитарабин, лиофилденген ұнтақ; Циклоспорин, капсулалар; |
12 |
Шашыраңқы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ремиссиялы ағын және клиникалық оқшауланған синдром |
Интерон бета 1 а, инъекция үшін ерітінді; |
Ремиссиялы және қайталанған прогредиенттелген ағын |
Интерферон бета 1 b, инъекциялық ерітінді дайындау үшін лиофнемесезирленген ұнтақ; |
|||
Ремиссиялы ағын |
Ацетат глатирамера, инъекция үшін ерітінді; |
|||
13 |
Онкология |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік |
Сорафениб, таблетка; Эрлотиниб, таблетка; Гефитиниб, таблетка; Лапатиниб, таблетка; Сунитиниб, капсула; Иматиниб, капсула, таблетка. |
* Бағдарламалар әкімшісінің рұқсаты бойынша және жеткізуші мен перзентхананың арасындағы шарт бойынша перзентханадан шығару кезінде жаңа туған нәрестелерге дәрі қобдишаларын беруге рұқсат етіледі.
«Ана мен бала» дәрі қобдишасының құрамына мынадай жадынаманы салу керек:
БЦЖ вакцинациясы туралы;
емшек сүтімен қоректендіру бойынша;
контрацепция бойынша;
жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;
қажет болған жағдайда аз салмақты жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;
алаңдатарлық симптомдар кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы (емшекті әлсіз емеді, аурушаң, дене қызу 38 градустан асады, қиын немесе жиі демалу, тырысу, нәжісіндегі қанның болуы, құсу, кіндігінің қызааруы немесе іріңді бөліну);
№ |
Факторлар мен аурулар |
Жасанды қоректендіру |
Әлеуметтік факторлар |
||
1 |
Балаларды асырап алу |
+ |
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы |
||
2 |
АИТВ-инфекция |
+ |
3 |
Туберкулездің белсенді нысаны |
+ (иммунитетті қалыптастыру кезеңінде анадан баланы оқшаулау) |
Бала денсаулығы жағдайы |
||
4 |
Расталған туа біткен ақуыз жетіспеушілігінің болуы |
+ |
5 |
Галактоземия |
+ |
6 |
Фенилкетонурия |
+ |
7 |
«үйеңкі шырыны» ауруы |
+ |
*** Салыстырмалы медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды/аралас қоректендіруге ауыстыру
№ |
Факторлар мен аурулар |
аралас қоректендіру |
жасанды қоректендіру |
Әлеуметтік факторлар |
|||
1 |
Көп ұрықты жүктіліктен туған балалар |
+ |
+ |
2 |
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент болып табылатын аналардың балалары |
+ |
+ |
3 |
Аналарды стационарлық емдеу |
+ |
+ |
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы |
|||
4 |
Қан өндіру аппараты ауруының ауыр нысандары |
+ |
+ |
5 |
Қатерлі онкологиялық аурулар 1 |
+ |
+ |
6 |
Жіті психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі күйзеліс) 1 |
+ |
|
7 |
Бүйрек функциясы жетіспушілігі бар бүйрек ауруларының ауыр нысандары1 |
+ |
+ |
8 |
Туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қан тамырлық жүйе декомпенсациясымен ілесе жүретін жүрек ақауы1 |
+ |
|
9 |
Ананың іріңді-септикалық аурулары1 |
+ |
+ |
10 |
Эндокриндік ауруларының ауыр нысандары1 |
+ |
|
11 |
Аллергиялық аурулар ауыр нысандары1 |
+ |
|
12 |
Гипогалактиканың бастапқы нысандары2 |
+ |
+ |
1 кардиолог, аллерголог, психиатр, онколог, нефролог және т.б. бейінді маманнан қорытынды болған кезде дәрілік препарттарды (цитостатиктерді, радиоактивтік, тиреоидтік немесе есірткілік) қабылдаумен байланысты емшекпен қоректендіретін ананың ауруы немесе жағдайы
2 комиссияның бастапқы гипогалактика диагнозын белгілеуі алгоритмнің көмегі анықталады.
**** Орфандық препараттар. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бір реттік әкелумен қамтамасыз етіледі.
***** – ауыстырып салынған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупін болдырмау үшін науқастар өмір бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды;
******- әлеуметтік осал топ: 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер.
2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 4 қарашадағы
N 786 бұйрығына
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күшін жоғалтқан бұйрықтар тізімі
1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5799 тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 16 қазанындағы № 158 (1755) басылымында шыққан).
2. «Амбулаториялық деңгейде тегін Медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6150 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2010 жылғы 07 шілдесіндегі № 1207 басылымында жарық көрген).
3. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6291 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 246-247(26307-26308) басылымында шыққан).
4. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 853 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6641 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2011 жылғы 25 наурызындағы № 1 басылымында жарық көрген).
5. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7185 тіркелген).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК
** Абсолюттік медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды қоректендіруге ауыстыру
Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 қарашада № 7292 тіркелді
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
1. Қоса беріліп отырған Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне (Қ.Б.Бесбалаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 665 бұйрығымен
бекітілген
Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасына көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көшіп келуші — Қазақстан Республикасына уақытша немесе үнемі тұруға келген шет елдік немесе азаматтығы жоқ тұлға.
3. Осы Ереже Республикаға келген көшіп келушілерге қолданылады:
1) тарихи отанына оралу мақсатында;
2) отбасыларының қосылуы мақсатында;
3) білім алу мақсатында;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
5) гуманитарлық және саяси себеппен.
4. Тарихи отанына оралу мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілер (оралмандар, этникалық қазақтар және олардың отбасылары) Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қауылысымен (бұдан әрі — ТМККК) бекітілген тізбеге сәйкес тегін медициналық көмек ала алады.
5. Осы Ереженің
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесіндекөрсетілген аурулары бар көшіп келушілерге Қазақстан Республикасының аумағына келуге рұқсат етілмейді (мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер тізбесінде № 7274 тіркелген).
7. Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасымен ратифицияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе айналасына қауіп төндіретін жіті аурулар бар ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек алады.
8. Көшіп келушілерге көрсетілетін медициналық көмек, сондай-ақ кеуде қуысын флюорографиялық қарауды, қанды зерттеуді, екпелерді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары айқындайтын айғақтары бойынша емдеуді жүргізумен профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды қамтиды.
2. Көшіп келушілерге медициналық көмектің тәртібі
9. Көшіп келушілерге тегін негізінде медициналық қызмет көрсету ТМККК шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысымен бекітілген азаматтардың кепілдік берілген тегін медициналық көмектің көлемін алуын қамтамасыз ету ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
10. ТМККК шеңберінде көшіп келушілерге егер Қазақстан Республикасымен ратифицияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 4 желтоқсандағы № 2018 қаулысымен бекітілген аурулар тізбесінесәйкес айналасына қауіп төнідіретін жіті аурулар болған жағдайда тегін медициналық көмек көрсетіледі. Қалған жағдайларда медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі.
11. ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтер ақылы негізде, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен көрсетіледі. Медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек медициналық сақтандыруда айтылған көлемде және баға бойынша көрсетіледі.
12. Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілер, ТМККК тізіміне кірмейтін қызметтерді алу кезінде тиісті медициналық сақтандыруы болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты тиісті медициналық ұйымдар анықталған көлем бағамен бойынша меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда ақылы медициналық көмекті пайдаланады.
13. ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу үшін көшіп келушілер тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орыны бойынша немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысымен бекітілген «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» еркін таңдау құқығы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына бекітуі сәйкес. Азаматтарды БМСК ұйымдарына бекіту туралы ақпарат көші-қон қызметі ғимаратының қолжетімді жерлеріне ілінеді. Медициналық көмек көрсету осы Ереженің 4,
14. Осы Ереженің
15. Осы Ереженің
16. Медициналық зерттеп-қарау кезінде туберкулез патологиясының, АИТВ инфекциясының болуын, сондай-ақ айналасына қауіп төндіретін аурулар анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары № 2018 қаулымен бекітілген тізбеге сәйкес: 1) көшіп келушінің алынған нәтижесі туралы жазбаша мәлімдейді;
2) 1 жұмыс күнінің ішінде Көші-қон қызметіне көшіп келушілердің деректері туралы ақпаратты хат түрінде хабарлайды;
3) жоғарыда көрсетілген аурулары анықталған көшіп келушілерді алдын ала сақтандыру туралы ақпараттандырады және емделуден жалтарған басқа тұлғаға жұқтырған үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің
17. Көшіп келушілерден № 2018 қаулыға сәйкес көзделген осы ереженің 16 тармағында көрсетілген аурудың белгілері анықталған жағдайда медициналық ұйым, Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық және паразиттік ауру жағдайларын тіркеу, есепке алу ережесінің
18. Қалалық емес азаматтарын тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрі қарай қаланың денсаулық сақтау ұйымдарынан тегін медициналық көмек алу үшін БМСК ұйымдарына тіркелегендігі жөнінде талонды көрсеткеннен кейін көші қон қызметімен жүзеге асырылады. Медициналық көмек осы ереженің 4 және
19. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін, жедел және шұғыл медициналық көмек 1997 жылғы 27 наурызда қол қойылған Қазақстан Республикасы ратифициялаған Тәуелсіз Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына медициналық көмек көрсету Келісімге сәйкес негізде тегін көрсетіледі.
20. Көшіп келушінің өміріне немесе айналасының денсаулығына төнген қауіп жойылғаннан кейін, көшіп келушілерге жоспарлы медициналық көмек көрсету, жіберген тараптың азаматтың жеке қаражатының сақтандыру компаниясының есебінен, сондай-ақ қайырымдылық төлемдер және кәсіпорындардың, ұйымдар қайырымдылығының есебінен, ақылы негізде жүзеге асырылады.
21. Егер көшіп келушінің өміріне төнген қауіп жойылған жағдайда, ал көшіп келуші жоспарлы медициналық көмек қызметтерін төлеуге қабілетсіз болса, онда көшіп келуші көші қон қызметінің көмегімен өзі тұратын елге емді жалғастыру үшін жіберіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1937 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың медициналық көмек алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 997 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38,
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1937 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесі
1. Дифтерия
2. Қызылша
3. Қызамық
4. Көкжөтел
5. Жәншау
6. Жел шешек
7. Эпидемиялық паротит
8. А, В, С паратифтері
9. Полиомиелит
10. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар
11. Тұмау
12. Менингококк инфекциясы
13. Тырысқақ
14. Іш сүзегі
15. Туберкулез
16. Күйдіргінің өкпелік түрі
17. Оба
18. Геморрагиялық вирустық қызба
19. А, Е вирустық гепатиті
20. Безгек
21. Жіті ішек инфекцияларының тобы
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25