«№ 15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Алматы қаласы, Әуезов ауданы Ильич көшесі, 17, Достық ықшамауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Медициналық ұйым 1960 жылы Дружба поселкісінің халқына қызмет көрсету үшін ауылдық аурухана ретінде салынды. 1991 жылы аумақты қалаға қосқанда «Ақсай» учаскелік аурухана № 15 қалалық емханаға қайта аталды.
1991 жылдан бастап Елшат Төлеуғазыұлы Тілекеев бас дәрігер болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап емхананы медициналық ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау Ұйымы бойынша жоғары санатты дәрігер Серік Анарбайұлы Шәдібеков басқаруда.
2010 жылдан бастап денсаулық сақтау Ұлттық Бірыңғай жүйесін ендіру бойынша 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды қайта реформалау және дамыту бағдарламасы бойынша іске асырылды. 2012 жылдан бастап жан саны бойынша кешенді тарифіне АЕК енгізу пилоттық бағдарламаға көшті.
Емхана тегін медициналық көмектің кепілдірілген көлемі шеңберінде Әуезов ауданының 58749 мың халқына: Ақсай, Жетісу, Қалқаман, Алтын-Бесік, Баян ауыл, Достық, Ақжар, Наурыз, Абай саяжайы ықшамаудандарына қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету ауданы жоғары тығыздық пен халықтың үлкен көші-қонымен мінезделеді.
Емханада замануи деңгейде емдеу-диагностикалау үдерісін жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктері бар. Емхана құрамында отбасылық медицина бөлімшесі, әйелдерге кеңес беру бөлімшесі, мамандандырылған көмек бөлімшесі, алдын алу және психикалық-әлеуметтік көмек бөлімшесі, клиникалық-диагностикалық зертхана, 22 төсекке арналған күндізгі стационар бар.
Бөлімшелер құрамында жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, акушер-гинекологтар, жасөспірімдер кабинеті, стоматологиялық кабинет, отбасын жоспарлау кабинеті, жатыр мойыншығы патологиясының кабинеті, дені сау бала кабинеті, окулист кабинеті, отоларинголог, хирург, травматолог, ақылы қызметтер, рентген кабинеті, флюорографиялық кабинет, маммография кабинеті, функционалдық диагностика кабинеті, кардиовизор, холтеров мониторингі, УДЗ диагностикалау кабинеті, физиотерапия кабинеті, психолог кабинеті, ЕДМ мен оңалту кабинеті, әлеуметтік қызметкер кабинеті бар.
Емхана бір ауысымға 480 келулерге есептелген.
Соңғы жылдары мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту жақсарды, 2800 шаршы метр көлемімен жапсыра салынған жай салынды, рентген аппарат, замануи УДЗ аппараттары, электрокардиограф, кардиовизор, холтеров мониторингін жүргізудің аппараты. УДЗ аппаратын сатып алудан бастап нәрестенің дамуында ауытқуларды диагностикалау және ішкі органдардың ауруларын диагностикалау едәуір жақсарды.
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25