Тұрғындарды емханаға, дәрігерлік амбулаторияға бекіту тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, жүзеге асырылады. Азаматтар тек бір ғана МСАК ұйымына бекітіледі. Емханаға тіркелу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз болуы қажет және тіркелу орнын өзгертетін жағдайда өз еркімен бекітілу жөнінде өтініш жазуы қажет.
Сонымен қатар, емханаға www.egov.kz сайтында элекрондық үкіметтің көмегімен тіркеле аласыз. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымға тіркелген болсаңыз, онда ұйымнан есептен шығу үрдісі электрондық форматта жүргізіледі.
Егер Сіз өзіңіз тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның көрсететін қызметіне қанағаттансаңыз және осы жылы бекіту науқанына қатыспаған болсаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылықызмет көрсету үшін бекітуге құқылы.
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25