2022 жылғы 2-3 маусым аралығында халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы кардиологтарының XIV конгресі «Кардиологтардың қайта жүздесуі. Ескіні еске түсіру, жаңаны талқылау» өтуде. Іс-шараның мақсаты: жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуда кардиология саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандарды біріктіру, оқыту, өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу, кардиология саласындағы инновацияларды қамту.
Осындай ауқымды шараға №15 қалалық емхананың кардиологтары да атсалысып, кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, әріптестерімен тәжірибе алмасуда.
Мамандырылған күтім бөлімшесінің меңгерушісі – Талғатова Аида Талғатқызы, сонымен қатар кардиологтар – Болотова Александра Вячеславовна және Қасымхан Ақерке Алмасқызы – жоғары білікті дәрігерлер қатысуда.
Конгресс аясында алыс-жақын шетелдерден және Қазақстан Республикасының кардиология саласындағы жетекші сарапшылары спикер ретінде қатысады.
Ғылыми тақырыптар:
• CVD диагностикасы мен емдеуге арналған жаңа халықаралық нұсқаулар
• Атеросклероз: жүректің ишемиялық ауруы
• Артериялық гипертензия және метаболикалық синдром
• Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
• Балалар кардиологиясының өзекті мәселелері
• Пандемияның ЖҚА-дағы орны
• Кардиологиядағы пәнаралық аспектілер
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25