Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында 2022 жылдың 31 мамыр күні №15 қалалық емхананың әкімшілігі Ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шараға С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедралық ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына кеңес беру және профилактикалық тексеру жүргізу үшін шақырылды.
Күні бойы емхана базасында ҚазҰМУ-дың 10 қызметкері, соның ішінде балалар пульмонологы, балалар гематологы, балалар гастроэнтерологы, балалар аллергологы, балалар кардиологы, неонатологы, педиатр мамандары кішкентай пациенттермен және олардың ата-аналарымен консультативтік қабылдау жүргізді.
Балаларға консультативтік көмек көрсету нәтижесінде түрлі патологиясы бар 98 балаға кеңес берілді.
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығы мен ұжымына іс-шараны өткізуге көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз, Kazakh National Medical University! Бірлескен күш-жігердің арқасында ата-аналар жоғары білікті мамандардан толыққанды кеңес ала алды, көңілдері толды.
Балаларды қорғау күні – бұл тек көңілді мереке ғана емес, ол қоғамға баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салу болып табылады. Әр баланың дені сау болып, ата-анасының қамқорлығында болса екен дейміз. Аспандарыңыз әрқашан ашық, әрбір жаңа күн мейірімді және қызықты болсын!
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25