№ 15 қалалық емхананың қызметкерлері жалпы практика дәрігері Әділхан Е. Т., психолог Әділова М. Ж. №123 мектептің оқушыларымен «Кенелік энцефалит» тақырыбына профилактикалық әңгіме өткізді.
Кенелік энцефалит – орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, клиникалық полиморфизммен сипатталатын вирусты табиғи-ошақтық трансмиссивті ауру.
Кенелік энцефалит табиғи-ошақтық трансмиссивті ауру. Аурудың табиғи ошақтары Грецияда, Чехияда, Швейцарияда, Латвияда, Белоруссияда, Батыс Украинада, Қырғызстанда анықталған. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары болып Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстары табылады. Ауру жоғары өлім-жітімділік көрсеткішімен, аурудан кейін дамитын қалдықтардың қауіпімен ерекшеленеді.
Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктері кеңейтілді. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын, денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеп, осы тақырыптар бойынша маңызды ақпараттар берілді.
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25