Әйелдерге кеңес беру № 15 қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше жаңа үлгілі ғимаратта және де барлық 3-ші қабатта орналасқан. Жұмыс тәртібі екі ауысымдық. Науқастарды қабылдау талондар арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ пациенттерді дәрігерге қабылдауға онлайн жүйесіне тіркеу арқылы жүргізу енгізілуде. Гинекологиялық қабылдау 6 жарық, кең кабинеттерде өткізіледі. Екі көршілес кабинетке бір қарау кабинеті қарастырылған. Қарау кабинеті гинекологиялық орындықпен, бейнекольскоппен және де барлық қажетті гинекологиялық құралдармен жабдықталған. Жұмыста тек қана бір рет қолданылатын медициналық құралдар пайдаланады. Қабылдау кабинеттері компьютерлер және принтерлермен жабдықталған, ғаламтор жүйесі қосылған. Науқастардың жайлылығы үшін бөлімшеде УДЗ кабинеті, емшара кабинеті, ота кабинеттері, отбасын жоспарлау кабинеті бар. Әйелдер кеңес беру бөлімшесінде шағын гинекологиялық оталар жасалады: жатыр ішінде сақтандыруды енгізу және алу, диатермокоагуляция, электроконизация, жатыр мойыншығының криодеструкциясы, лазерлік емдеу.
Сонымен қатар, бөлімшеде арнайы мамандандырылған кабинетінде жүкті әйелдерді тууға психологиялық түрде дайындау және алдын ала әңгімелер жүргізіледі, онда дәрістерге арналған барлық жадайлар құрылған, бейне материалдарды қарау, жаттықтырушы дәрігерлермен, психологтармен, әлеуметтендірушімен интербелсенді қарым-қатынас жасаулары да қарастырылған. Сақтандырылудың барлық замануи әдістері бойынша, сүт бездерін өзіндік дербес тексеру, түсік жасаудың зияндылығы туралы, саламатты өмір салты, кеудемен көректендірудің ұтымды принциптері бойынша көрнекі ақпарат орналасқан. Пациенттерге тарату үшін буклеттер, ақпараттық парақшалар бар. Әйелдер халқымен жұмыс 7 акушер дәрігерімен, 8 акушермен жүргізіледі. Дәрігерлердің санаттылығы 85,7%-ды құрайды, акушерлердің 62,5%.
Емхана жоғары тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді қарағанда, гинекологиялық науқастарды қарағанда, семинарларды өткізгенде кеңес әдістемелік көмек көрсететін кеңесші тіркелген С.Д. Асфендияровтың атындағы Қазақ ҒМУ интернатурасы мен резидентурасы клиникалық базасының кафедрасы болып табылады.
қ. Алматы, мкр. Достык, ул. Жайдарман 17
мкр. Аксай 1а, дом 4 (филиал)
Call-орталығы: +7 (727) 220-85-91
Аға тіркеуші: +7 (727) 256-31-17
Дәріхана: +7 (727) 256-32-42
Whatsapp +7 708 970 62 37
Әйелдер кеңесі +7 (727) 256-39-25