Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі
2015 жылдың 1-ші маусымынан бастап «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит ұйымдастырылды. (ПҚҚ және ІА)
ПҚҚ және ІА басшысы – Байчулакова Гульмира Тимуровна, телефон +7 (727) 256-39-67. Пациенттерді қабылдау күнделікті сағ 9.00-ден 17.00-ге дейін, №310 кабинет. «Сенім телефоны» +7 (727) 256-23-67, +7 (727) 256-33-23.
ПҚҚ және ІА мақсаттары мен міндеттері:
- Медициналық көмек сапасын жақсарту.
- Медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің қауіпсіздігін күшейту.
- Пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындауына байланысты шешу.
Пациенттерді қолдау қызметі жұмысының және ішкі аудиттің негізгі бағыттары (ПҚҚ және ІА):
- пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) пайда болуына байланысты орнында 5 күннен аспайтын уақытта олардан сауалнама алу құралы арқылы пациенттердің қанағаттану дәрежесін және медициналық қызмет сапасын зерделей отырып шешу;
- кадрлық және материалды-техникалық қорларды қолдану тиімділігі және олардың жай-күйін бағалау;
- пациенттерге медициналық көмек көрсету технологиясының денсаулық сақтау саласында (клиникалық аудит) тағайындалған стандартқа сәйкестігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
- медициналық көмек көрсету ережесін сақтау;
- жұмыс барысындағы ақаулардың алдын алуға және жоюға және медициналық көмек сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.
Пациенттерді қолдау қызметі және ішкі аудит қызметі (ПҚҚ және ІА):
- ішкі индикаторларды қолдана отырып, денсаулық сақтау саласында стандарттарды енгізу, өздерінің үдерістері мен ем-шараларын бағалау бойынша медициналық ұйым бөлімшелері әрекетінің тиімділігін сараптау;
- ішкі ауруханалық комиссиялардың әрекетін сараптау;
- тағы да қайталанған ақаулардың алдын алу және жою іс-шараларының әзірленген жоспары, сараптама нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпаратты медициналық ұйым әкімшілігіне ұсыну;
- медициналық көмектің тиісті сапасын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша медициналық ұйым қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек;
- ұйымдағы пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту бойынша шаралар туралы қызметкерлерді ақпараттандыру және медициналық ұйым қызметкерлерінің пікірін зерделеу.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі пациенттердің құқығын қорғау бойынша саясат жүргізеді. Біздің ұйымда қызметкерлердің, пациенттердің және оның отбасының құқығын қорғау бағытында қызмет көрсетіледі.
Емхана дәлізінде ҚР-ң «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес азаматтардың міндеттері және құқықтары бойынша көрнекті ақпарат бар. Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі жүгінуді (шағымдарды) беру үдерісінің бар екендігі туралы, медициналық қызметке қатысты қарама-қайшылықтар кезінде, пікірлердің келіспеушіліктері кезінде шаралар қолдану жолдары туралы сіздерге ақпарат береді. Азаматтардың жазба жүгінулері комиссиялық түрде 5 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Ауызша жүгінулері көп жағдайда (осында және қазір) принципі бойынша қаралады.
Жүгінулерді қабылдау үдерісі:
- Жазбаша жүгінулерді (шағымдарды) қабылдау кабинетте кіріс журналында тіркеледі, сайт арқылы жүгінеді немесе тіркеу орнының жанында орналасқан шағымдарға және ұсыныстарға арналған жәшікке салынады.
- Ауызша жүгінулер тікелей емханада, не сенім телефоны арқылы қабылданады.
- Емделуші немесе емханаға келушінің жеке сұрақтар бойынша қабылдау тағайындалған уақыты мен күндерінде бас дәрігерге жүгінуге құқығы бар. (сейсенбі, бейсенбі сағ 10:00-ден 12:00-ге дейін);
Жұмыс күндері:
- Бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасарына
- бас мейірбикеге.
- эксперт-дәрігерге;
- бөлім меңгерушісіне;
жүгінуге құқылы.
Ұсынылған материалдарды қарап болғаннан кейін комиссия:
- шағымдардың негізділігі туралы шешім шығарады,
- анықталған кемшіліктерді жою шараларын ұйымдастырады және бақылайды;
- шағымданып өтініш берген адамға қолданылған шаралар туралы ақпарат беріледі.
Нақты шағым бойынша жұмысты аяқтап болғаннан кейін, шағымға қатынасы бар бөлімше ішкі аудит қызметімен бірге қайта шағымданудың алдын алу мақсатында нақты шешімдер қабылдайды.
ҚР-ң Заңына сәйкес анонимдік өтініштер қарастырылмайды.
Шағымына жауап алу үшін шағымданушы өтінішінде жүгінуінде өзінің тегін, есімін, пошталық немесе электрондық мекен-жайын және телефон номерін көрсетуі керек.
Объективті және уақтылы қарау үшін іс-әрекетіне шағымданған лауазымды тұлғаның (аты-жөні, лауазымы) деректерін, яғни, кімнің әрекеті екенін, бөлімшесі немесе учаскесін, оқиғаның мәнін, күнін, нақты көрсетуі қажет.
Пациенттерді қорғау және ІА қызметіне емделушілердің жүгінуі кезіндегі жиі туындайтын сұрақтары:
1.Жүкті әйелдерді есепке алу кезінде: БХТ бойынша бізде тұрған, бірақ нақты мекен-жайы бізге қарамайтын учаскеде тұрған жүкті әйелдер көп, бұндай жүкті әйелдерді есепке алу кезінде босануға дейін және босанудан кейін барып белсенді түрде қарау мүмкін емес.
- Емделушілер бейінді мамандардың қабылдауына барғысы келеді және диагностикалық зерттеу қабылдауына алдын ала жазылусыз келгісі келеді. ҚР нормативті құжаттары бойынша мамандарға телімдік дәрігерлерден жолдама беріліуі қажет.
- Жас мамандарға қатысты медициналық көмекті көрсету сапасы бойынша шағымдар түседі. Жас мамандарды ЖОО-да дайындау деңгейі ең жақсысын тілейді.
- Көптеген шағымдардың туындауы жалпы тәжірибелік дәрігерлердің және ОМҚ-мен АМСК деңгейіндегі медициналық көмек көрсету ережелері бойынша учаскедегі түсіндірме жұмыстарының жеткіліксіз мөлшерде жүргізілуіне байланысты.
- АМСК ұйымдарында жеткіліксіз қабылдауға байланысты жүгінулер, көбінесе Дамумед АЖ жұмысындағы ақаулар туындауы кезіндегі емделушілерді қабылдау уақытының ұзарып кетуіне байланысты.
- Медициналық қызметкерлер тарапынан этиканың бұзылуына байланысты жүгінулер;
Халық тарапынан және медицина қызметкерлері тарапынан, денсаулық пен этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауда ортақ жауапкершілік болуы керек.